Өскемендік азамат америкалық дәрігерді қайран қалдырды
Семейде қант диабетімен ауыратын адам тұңғыш рет марапатталды. Өскемендік Виктор Пестряковқа арнайы медальді америкалық белгілі эндокринолог-дәрігер Эллиота Джослина жолдаған. Ол қазақстандықтың диабетпен 50 жыл бойы күресіп келген қажыр-қайратына қайран қалыпты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.11.2019
Виктор Пестряков, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Салың суға кетпесін. Кез келген қиындықпен күрескен жөн. Жұмыс істегенде ауырғанымды ұмытып кетемін. Ешқашан мойымадым. Керсінше, дертті жеңуге тырыстым.
Виктор Пестряков биыл 70 жасқа толды. Қант диабетіне 18 жасында шалдыққан. Өмірге құштар жан дертіне қарамастан, түрлі салада тынымсыз қызмет атқарған. Енді ауыр сырқатпен 50 жылдан аса күресіп, елімізде медаль иеленген тұңғыш науқас болып отыр. Оған америкалық дәрігердің жолдаған марапатын семейлік дәрігерлер табыстады. Олардың айтуынша, бұл марапат әлем бойынша үлкен мәртебеге ие. Оны осы күнге дейін қант диабетімен ұзақ жылдар бойы күрескен 65 адам ғана иеленген. Олардың қатарына отандасымыз да қосылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!