{metadescription}
Оралда қорықшыға жұдырық ала жүгіріп, мылтықтан оқ жаудырған.
Оралда қорықшыға жұдырық ала жүгіріп, мылтықтан оқ жаудырған.

Оралда қорықшыға жұдырық ала жүгіріп, мылтықтан оқ жаудырған.

Оралдың маңындағы ауылда қорықшы ажал құша жаздады. Ол өткен түні кезекшілікте жүріп, қараңғыда көліктегі арнайы шаммен иен даланы тінтіп жүргендерді байқаған. Оларды тоқтатып көлікті тексермек болғанда, ішіндегілер қарсылық көрсеткен. Алдымен жұдырық ала жүгірсе, ақырында мылтықтан оқ жаудырыпты.

Геннадий Головатенко, қорықшы (көліктің оқ тиген жерін көрсетіп тұр):

- Агрессияға толы, көрдіңіздер ме? Қаруымен ұстады. Қаруларын тығып тастаған.

Қорықшы көлігінің артына тығылып үлгерген. Атылған оқтар дөңгелекті жарып, көлік шанағын да бүлдірген. Геннадий Головатенко полицияға хабар беріп үлгеріпті. Күдіктілер де бірден қарасын батырған. Бірақ олар бір сағатта құрықталды. Бірі көлікте отырған жерінде ұсталса, екіншісі жаяу қашып құтыла алмапты. Олар жастары 32-дегі Орал тұрғындары болып шықты. Біреуі бұрын бұзақылық пен ұрлығы үшін сотталған. Қазір екеуін полиция тергеп жатыр.  

Нұрлан Бисенов, Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары:

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99шы бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына қарастыру барысында патрондар, атылған гильзалар, пыждар тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде