{metadescription}
Жақсы ауылындағы «марганец жыры» ақыры Президентке жетті
Жақсы ауылындағы «марганец жыры» ақыры Президентке жетті

Жақсы ауылындағы «марганец жыры» ақыры Президентке жетті

Ақмола облысының шенділерінен «қысым көрдім» деген кәсіпкер Елордада журналистерді жинады. Аймақта кәсібін дөңгелете алмаған бизнесмен облыс басшысы Ермек Маржықпаевты «қолынан кедергі келтіру ғана келеді» деп айыптады. Айтуынша, мәслихат хатшысына дейін халықты қарсы қойып, аяғынан шалған. Еске салсақ, Жақсы ауылының тұрғындары іргелерінде марганец өндіретін кеніш ашуға жаппай қарсы шыққан болатын.

Марганецті өндірмекші боп жүрген кәсіпкер – Айбек Жұмабаев. Австралиядан инвестиция тартқан. «Кеніштің ешкімге зияны жоқ» деп Экология комитеті әлдеқашан рұқсатын беріп қойыпты. Ал биыл басталуы керек болған жұмыс әлі басталмаған. Себебі:

Айбек Жұмабаев, кәсіпкер:

- Бізді Уәлиев Батырға жіберіп жатыр. Ол кісіден орысша айтқанда, «благословение возьмите, потом остальные все вопросы». Осымен қаншама ай жүрміз. Қиналып жүрміз. Облыс әкімінен үлкен көмегі бар. Бірақ та басқа жақтан. Не тексеру жібереді бізге, не қылмыстық іс ашылады, не сотқа иск кетеді. Облыс әкімінің жағдайы бар ғой, жағдайы барда осындай бізге кедергі көмегін жасап отыр. 

Айбектің айтуынша, Батыр Уәлиев облыстағы ірі кәсіпкер. Ол рұқсат бермей, әкімі де, басқасы да тырп етпейді дейді.

Айбек Жұмабаев, кәсіпкер:

- Облыс Әкімі Маржықпаев бұл жобаны біледі. Тазалығын біледі екен. Бірақ та оның да сөзі Батырға өтпейді. Уәлиевтің сөзі әкімнің сөзінен де үлкен. Ондай әкімнің керегі не?

Ал мынау Жақсы ауылы тұрғындарының наразылығы. Бұл туралы осыдан біраз күн бұрын айтқан едік. Ауылдықтар марганец өндіреді дегенді естіп өре түрегелген. Өйткені «денсаулыққа зиянды» дейді. Халықтың осы наразылығынан соң Экология комитеті де бұрын өзі берген рұқсатын қайтарып алған.  

Кәсіпкер, әкім, халық болып бір шешімге келе алмай жатқан жобаның жыры ақыры президентке де жетті. Облысты аралауға шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірінші кезекте халықтың мүддесінен шығатын шешім қабылдауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Жақсыда марганец өндіретін кәсіпорын салу мәселесі көтеріліп келеді. Тұрғындар бұған үзілдікесілді қарсы болып отыр. Әкімдік пен Үкімет шешім қабылдаған кезде халықтың ойын ескеру керек.

Жағдай осыла кете берсе, облыс 16 миллиард теңге инвестициядан қағылып, онсыз да беті ашық жатқан кеніш қоқыс алаңына айналайын деп тұр. Ендігі мәселе кәсіпкер ауылдықтарға кеніштің түк зияны жоқ екенін түсіндіре алуы керек. Ал ол айтқан айыптауларға қатысты жергілікті шенеуніктер әзірге жауап қатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде