Інжу! КТК арнасының талас-тартысқа құрылған төл туындысы көрерменге жол тартты
Сериал сүйер қауымға КТК арнасының сыйы! Шытырман оқиғалы «Інжу» драмасы ертең көрерменге жол тартады. Кинокартина бүгінгі өмірдің сан түрлі шындығын көрсетуге тырысқан.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.11.2019
Туындыда Інжу есімді бойжеткен бай баласынан зорлық көреді. Қиындыққа қарсы тұрып әлемнен әділдік іздейді. Ақкөңіл де, аңғал қыздың арманы бір-ақ күнде көкке ұшты. Басына түскен ауыр қайғысымен екі жыл арпалысып, бар мұңын ішінде сақтайды. Тіпті лағынет айтқан опасыз дамымен тағдыр оны қайта кездестірді. Өйткені ол сүйіктісі Әрсеннің бауыры еді. Божеткен өмірін ойран қылған Диасқа одан сайын өшігіп, шындық іздеуге кіріседі. Дүниеге құнығып есірген бай баласының жағында туыстары да бар.
- Әрсен мен Інжу бірге бола ала ма?
- Диас өз қателігін мойындай ма?
Осы сынды сұрақтардың жауабын шытырман оқиғалы сериалдан табасыз.
Қилы тағдыр мен талас-тартысқа құрылған КТК-ның төл туындысы сенбі және жексенбі күні сағат 17:00-де көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!