{metadescription}
Eurovision байқауынан Ержан Максим нені қалайды?
Eurovision байқауынан Ержан Максим нені қалайды?

Eurovision байқауынан Ержан Максим нені қалайды?

Еуровижн байқауында балалар арасынан Ержан Максим бүкіл түркі әлемінің намысын қорғамақ. Халықаралық ән байқауы 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтеді. Оған биыл 19 елдің өнерпазы қатысқалы отыр.

Біздің ел Junior Eurovisin-да осымен екінші рет бақ сынамақ. Қазақстандық делегация екі күннен соң Гливицеге жолға шығады. Бұған дейін «Голос.Дети» байқауына қатысып көпке танылған Ержан қазір соңғы дайындығын пысықтауда. Байқауда ол «Арманыңнан қалма» деп аталатын жаңа әнін шырқайды. 12 жасар әнші өзіне Аустралия мен Польшаның өкілдері мықты бәсекелес екенін айтады. Жас талант ел үмітін ақтауға барын салмақ. Байқауда өнер көрсету реттілігі жеребе арқылы анықталады. Ержан өзіне 6 санының түскенін қалайды екен.

Ержан Максим, жас әнші:

- Үміттенеміз, 6 түсетін шығар. Осы 6 түсетін жерде мен әрдайым бас жүлде алып жүремін. «Славянский базарда» алтыншы жеребені алғанмын. «Бақытты баладан» алдым. Көптеген конкурстардан алты алдым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.