Павлодар: Әкесі мен баласы героин саудасын қыздырған
Отбасымен есірткі сатқан. Павлодар облысының полицейлері марихуана мен героин саудасын қыздырған әке мен баладан құралған қылмыстық топтың жолын кесті.
15.11.2019
Тінту барысында әкесінің пәтерінен браунинг тапаншасы, 4 грамм героин, сатуға өлшеніп оралған марихуана, екі электрондық таразы тәркіленді. Арнайы жасақ өкілдері ұлының үйінен 14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан. Қазір аталмыш жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер заңсыз бизнеске қатысы бар өзге де адамдарды іздестіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары