Семей тері өнімдерін дайындайтын комбинат жабыла ма?
Семей тері өнімдерін дайындайтын комбинат жабылмайтын болды. Себебі кәсіпорынды еліміздің инвестициалық қоры өз баланысына алған. Сондай-ақ, ешкім жұмыссыз қалмайды деп отыр. Керсінше, жаңа инвесторға жұмыс орындарын көп ашу міндеті жүктелмек.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.11.2019
Ел аумағындағы жалғыз тері комбинатын тұралатқан банкрот деп таныған сот шешімі болатын. Себебі, комбинат қарызға белшеден батқан. Банкке берешектің өзі 2 млрд теңгеден асады. Ал, жалақы қарызы 36 млн теңгеге жеткен. Басқа салаларға 700 млн теңге борыштар. Мекеменің есеп шоттары да түгелдей бұғатталған. Ал «жұмыссыз қаламыз» деген 100-ден астам жұмысшы наразылық танытқан. Әйтсе де еліміздің инвестициалық қоры тері комбинатын өз балансына алыпты. Енді олар мекемені тірелген тығырықтан алып шықпақ ниетте.
Светлана Неустроева, Қазақстанның инвестициялық қоры активтерін басқару департаментінің директорының орынбасары:
- Біз инвестор іздеп жатырмыз. Комбинаттың бұрынғы жұмысын қайта жандандыратын. Өйткені кәсіп орын еліміз үшін өте маңызды. Сондықтан оған қарқын беретін инвестор керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!