Әділет министрі Анатолий Статидің арызын неге қайтарып алғанын айтты
Өтірігі ашылмасын деп жасаған амалы! Молдовалық бизнесмен Анатолий Статидің Нью-Йорк сотына берген талап арызын қайтарып алуын Әділет министрі осылай түсіндірді. Марат Бекетаевтың айтуынша, кәсіпкердің дәлел ретінде келтірген аудиторлық есебі өтірік жасалған.
Автор: Ербол Тұрымбет
15.11.2019
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
- Аудит жүргізген аудиторлық компаниясы «KPMG» барлық аудиторлық есептерді қайтарып алды. Екіншіден осы аудиторлық есептерді қайтып алуы Статидің алаяқтың қосымша дәлелі болып табылады.
Молдова бизнесмені Анатолий Стати 2017 жылы Нью-Йорк сотына талап арыз түсірген. Онда Швеция сотының Қазақстан Үкіметінен 500 миллион теңге өндіріп беру туралы арбитраждық шешімін орындатуды көрсеткен. Министрдің айтуынша, Статидің аудиторлық компаниясы есеп-қисабы өздеріне қолайлы етіп өтірік жасаған. Олар сол өтірігі ашылып қалуынан қорқады екен.
АҚШ сотынан бөлек, молдовалық бизнесмен біздің үкіметке қатысты Бельгия, Люксембург пен Нидерланды соттарына да шағымданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!