{metadescription}
Ел үміті! Елімізде мәдениет, спорт, бизнес және қоғамдық қызметте жетістікке жеткендер бар ма?
Ел үміті! Елімізде мәдениет, спорт, бизнес және қоғамдық қызметте жетістікке жеткендер бар ма?

Ел үміті! Елімізде мәдениет, спорт, бизнес және қоғамдық қызметте жетістікке жеткендер бар ма?

Алматыда ел үмітін арқалаған үздік жастар ұлықталды. «Халық арена» кешенінде өткен шараны ұйымдастырушы – Тұңғыш президент қоры. «Ел үміті» республикалық марафоны аясында оңтүстіктегі жастардың еңбегі еленіп, арнайы марапатқа ие болды. Ғылым, мәдениет, спорт, бизнес және қоғамдық қызметте жетістікке жеткендердің тағы қандай артықшылығы бар?

«Ел үміті» марафонына қатысушыларға үлкен құрмет көрсетілді. Сан салада толағай жетістікке жеткендер көпке үлгі. Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарынан келген жастар аз уақытта биік шыңдарды бағындырған. Тұңғыш президент қорының өкілдері оларға мемлекет тарапынан қолдау ерекше дейді.

Әсет Исекешев, Тұңғыш Президент - Елбасы қорының атқарушы директоры:

- Марафонның мақсаты жас инноваторларды, жас ғалымдарды, бизнесмендерді, спортшыларды және басқа да жас мамандарды қолдауға бағытталған. «Ел үміті» бастамасы аясында көптеген жаңа жобалар болады. Бұл сіздерге жаңа мүмкіндіктер.

Үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек - жетістіктің кепілі. Жастардың арасында біреуі цитрусты жеміс өсірумен айналысса, екіншісі кофе бизнесін ашқан. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі Дамир Нүркежанов Талдықорғандағы роботехника орталығының иесі.

Дамир Нүркежанов, «Ел үміті» сыйлығының жеңімпазы:

- Біздің орталықтың ашылғанына он айдай уақыт болды. Осы уақытта екі филиалымыз бар. Балаларды оқытып, үйретумен айналысамыз.

Жастайынан еңбекке ерте араласқан іскер азаматтар тәжірибесін де бөлісті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Жастар жылы қолға алынған жобада грантпен қолдау көрсетіледі. Ақтөбеден бастау алған марафон одан әрі Нұр-Сұлтанда жалғасын таппақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде