Мәжіліс депутаттары: «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемқызметкерлер де қосылсын
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына мұғалімдер мен дәрігерлер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер де қосылуы мүмкін. Әйтпесе ауылда мемлекеттік қызметкерлер қалмайтын түрі бар. Мәжіліс депутаттары осындай мәселе көтерді.
Автор: Серік Селеубайұлы
18.11.2019
Уалихан Қайназаров, Мәжіліс депутаты:
- Жас жігіттер төмен айлық болса, несін басын қатырады? Дұрыс па? Ол айтады: «Қалаға барайық одан да. Ол айлықтан екі есе көп табамыз» дейді. Сын көзбен, ашық көзбен қарауымыз керек қой, былайша айтқанда. Өзөзімізді алдай бермей. Кейбіреуде осындай пікір де бар: «Ауылда үлкен айлық – алпыс мың».
Статистикаға сүйенсек, ел азаматтарының 43 пайызы ауылда тұрады. Сол ауылдардың үштен бірі заңгерлерге, төрт пайызы есепшілерге мұқтаж. Қызметтің сапасы да көңіл көншітпейді. Себебі, білікті мамандар ауылда тұрақтамайды. Ауылдардағы штат саны да қаламен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ жүктемесі анағұрлым ауыр. Машақаты көп, қаржылай қайырымы жоқ жұмысты істеуге жастар құлықсыз. Ал Үкімет қажетті сала қызметкерлерін ауылдарға тартуға түрлі жеңілдік ұсынып, материалдық көмекпен ынталандырғысы келеді.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Мысалы, қазір «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. Бірақ, мемлекеттік қызметшілер ол бағдарламаға кірмейді. Ол ауылға баратын мамандарды қолдау қажет. Оларға жәрдемақы беру керек. Және жеңілдетілген тұрғынүйді алуға жеңілдік беру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!