Мигранттардың орнын жұмыссыз жүрген отандастарымыз басуы тиіс
Елімізге келетін шетелдік жұмысшылардың саны екі есеге дейін азаюы мүмкін. Үкімет келесі жылдан бастап жалдамалы еңбек мигранттарына берілетін квота көлемін қысқартуды көздеп отыр.
18.11.2019
Мигранттардың орнын екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүрген өз отандастарымыз басуы тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір еліміздегі 2400-ге тарта кәсіпорында 21 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді. Олардың мың шақтысы – топ-менеджерлер. Ал қалғаны ортаң қол басшылар мен қарапайым жұмысшылар. Соған қарамастан сырттан шақыртылған мамандар жергілікті жұмысшыларға қарағанда әлдеқайда көп жалақы алады. Сондықтан аталған министрлік жыл сайын шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны азайтып, кейін тіпті қарапайым жұмысшыларды мүлдем келтірмеуді көздеп отыр.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Жұмысшы мамандықтарға рұқсат беруді азайтуымыз керек. Заң бойынша 4 санат бар. Соны мүмкіндігінше азайтып, жоққа да шығарамыз. Кейбір керемет білікті мамандарға рұқсат берілуі мүмкін. Бірақ бүгінгідей болмайды. Қазір екі мыңдай жұмысшы маман тартылуда. Ондай мамандықтар өзімізден де табылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!