{metadescription}
Ақтау: Құрал-жабдығы тозып, құрт-құмырсқа қаптаған мектепте шу шықты
Ақтау: Құрал-жабдығы тозып, құрт-құмырсқа қаптаған мектепте шу шықты

Ақтау: Құрал-жабдығы тозып, құрт-құмырсқа қаптаған мектепте шу шықты

Ақтауда №6 мектеп оқушыларының ата-аналары наразы. Олардың айтуынша, бір жыл бұрын қызметіне келген білім ошағының басшысы оғаш әрекеттерге барып отыр. Ол көптеген мұғалімге қысым көрсетіп, білікті деген 17 ұстазды жұмыстан шығуға мәжбүрлеген. Ата-аналар мектепте кадр жетіспеушілігінен бөлек, санитарлық талап сақталмай, құрал-жабдықтар ескіріп, жетіспей жатқанын айтады.

Бұған дейін көш бастап келген білім ошағының бүгінгі халі мүшкіл көрінеді. Толық жөндеу жұмысы екі жыл бұрын жасалыпты. Ал қазір санитарлық талапқа сай болмай, құрт-құмырсқа мен тарақан қаптап жатыр. Тіпті бірнеше баланы қандала шаққан. Ал білікті мұғалімдер саусақпен санарлық қалыпты. Ашынған ата-аналар барлығына директор себепкер дейді. 

Айгүл Бейсенова:

- Жақсы мұғалімдерге қысым жасап, мұғалімдерді кетірген. Мұғалімдерге қатты қысым жасалып жатыр. Жақсы жерден адам кетпейді. Қазіргі заманда адам тұрақты жерінен кетпейді. Үйренген ұжымынан кетпейді. Біздер олармен сөйлестік, олар директор қысым жасап жатыр деді.

Мектептегі мәселе бұл ғана емес. Орта білім беретін мекеменің құрал-жабдықтары да ескірген. Орындықтардың тозғаны соншалық, оқушылардың қолы сырылып, киімі ілініп, көптеген бүлдіршіннің мектеп формасы жыртылыпты.

Ольга Хабитуева:

- Біз бір жылда бірнеше рет шалбар, көйлек сатып алып береміз. Жақында ғана балам тағы да көйлегінің жеңін жыртып келді.

Айгүл Бейсенова:

- Мына тұрған столпарталарды біз қанша уақыттан бері талап етіп жүрміз? Осы уақытқа дейін «жоқ» деп, біз келгесін ғана шығарды. Тек бір күннің ішінде сатып алды ма? Ол мүмкін емес.

Ал мектеп директорының айтуынша, кадр жетіспеушілігі республика бойынша «шешімін таппаған мәселе». Сондай-ақ, ол мұғалімдер жұмыстан «себепсіз шығарылған жоқ» деп отыр.

Гүлмира Өтегенова, №6 орта мектебінің директоры:

- Мен әр ұстаз жайында жекежеке айтып бере аламын. Бірнеше мұғалімнің жұмыстан кетуінін өзіндік себебі бар. Ал зейнеткерлікке кеткендерін қайта шақырдық. Бірақ денсаулығына байланысты келмеді. Ал біреуі көшіп кетті. Осылайша барлығы өз еркімен жұмыстан кеткен.  

Жанжалдан соң қалалық білім бөлімінде арнайы комиссия құрылды. Ондағылар тексеріс кезінде мектеп ішінен тарақан мен қандала табылатын болса, олардың «көзін жоямыз» деді.

Бағдат Құрманбаева, Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Жаңа ғана атааналардан арыз түсті. Осы мәселені анықтау мақсатында біздің қалалық білім бөлімінен зерделеу тобы құрылып, алдағы уақытта бұл мәселелер тексеріледі.  

Осылайша басы дауға қалған басшыға қатысты тексеріс басталды. Жауаптылар кадр тапшылығын өзге өңірлерден маман шақырып шешуді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.