{metadescription}
Қылмыстық істі жабуға бес миллион ұсынған
Қылмыстық істі жабуға бес миллион ұсынған

Қылмыстық істі жабуға бес миллион ұсынған

Бес миллион теңге ұсынған көрінеді. Павлодарда тоққа түсіп қаза тапқан ағайындыларға қатысты сот отырысы басталды. Марқұмдардың туыстары электр компаниясы өкілдерінің қылмыстық істі жабуға ақша ұсынып жанталасқанын айтады.

Халимат Кәрімова, М. Кәрімовтің анасы:

- Соттан әділ шешім күтеміз. Света екеуіміз барша қазақстандықтарға соңына дейін күресу керектігін көрсеткіміз келеді. Сол кезде ғана әділдік орнайды. Бізге қомақты қаражатпен келді. Бірақ ақшаны алған жоқпыз. Балаларымыз енді қайтып оралмайды. Сондықтан өлімге кінәлілер тиісті жазасын алуы тиіс.

Айыпталушылар орындығында үш адам отыр. Қалалық сәулет басқармасының бұрынғы басшысы, электр бағаналарына жауапты компанияның қызметкері және футбол алаңын салған мердігер. Айыпталушылар бет-жүзін көрсетуге қарсы болды. Оларға «абайсызда адам өлтірді» деген айып тағылды.

Қос жеткіншектен айырылып қара жамылған отбасындағылардың айтуынша, полицияға арыз жазып шу шығарған соң ғана қылмыстық іс ілгері жылжыпты.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Футбол алаңын жарықтандырамын деген 12 жасар Расул мен 14 жасар Мұсаны тоқ соғып, жоғары кернеулі электр соққысынан екеуі де сол жерде жан тапсырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.