{metadescription}
Қалтырап әрең жүрген қарияны туысы кір тасымен ұрып өлтірді
Қалтырап әрең жүрген қарияны туысы кір тасымен ұрып өлтірді

Қалтырап әрең жүрген қарияны туысы кір тасымен ұрып өлтірді

Алматы облысында зейнет жасына жеткен азамат 80-ді алқымдаған туысын өлтіріп, малдың көңіне көміп тастаған. Қанды қылмыс Ескелді ауданында болды. Қаскөй қалтырап әрең жүрген қарияны кір тасымен ұрып, жан тәсілім етіпті. Көп ұзамай өзі де полицияның қолына түскен. Ағайынды ақсақалдардың араздығына не себеп? Қылмыс қалай болған?  

79 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікті арақтың кесірінен қолын қанға малыпты. Туыс қариямен бір жартыны бөліп ішіп, кейін екеуі сөзге келген. Содан 63 жастағы азамат қалтыраған зейнеткерді бір соққымен құлатып, артынан кір тасымен басынан бірнеше мәрте ұрыпты.  

- Бір ұрғанда сұлап түсті. Сосын тұрып, мені балағаттай бастады. Қатты ашуландым. Тынышталсын деп кір тасын алдым да, ұрдым.   

Ауыр соққыдан ақсақал тіл тартпай кеткен. Ал күдікті қылмысын жасыру үшін марқұмның денесін үйдің алдында үйіліп жатқан малдың көңіне көміп тастаған. Алайда арам ойы жүзеге аспады. «Атам жоғалып кетті» деп сол күдіктінің әйелі полцияға хабар беріп, қанды қылмыс дереу ашылды.

Арнұр Исаев, Ескелді аудандық ПБ бастығының орынбасары:

- Қазір қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Оқиға орнынан 16 келілік кір тасы алынып, қылмыстық іске тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергептексеру жүргізілуде.

Белгілісі, күдікті мен марқұм бір үйде тұрған екен. Екеуінің арасында не болғаны белгісіз. Қазір кісі өлімімен аяқталған оқиғаның жай-жапсарын тергеушілер анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде