Елімізде үйсіз жүрген әйелдер жаппай баспаналы болады
Елімізде үйсіз жүрген әйелдер жаппай баспаналы болмақ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төрт мыңдай әйелге қарыз беруге дайын. Бірақ жаңа немесе қолданыстағы үйлерден пәтер сатып алуға бастапқы жарна міндетті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
19.11.2019
Жаңа ипотекалық бағдарламаның шарты бұрынғылардан өзгерек. Ол алдымен тек әйелдер қауымына арналған. Әсіресе қарыздың 60 пайызы ауылда тұратындарға берілмек. Себебі, банк салымшыларының көбі ауылдық жерлерде тұрады екен. Ал тұрғын үй несиесінің пайыздық үстемақысы өзге банктерден қарағанда төмен. Қарыз 30 миллион теңгеге дейін беріледі. Оны алуға 200 мың теңгеден төмен табыс табатын әйел бастапқы жарнаға 15 пайыз, ал табысы 200 мыңнан жоғары болса, 20 пайызды жинауы тиіс.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық бағдарламаға шетелдік банктердің бірінен қарызға 38 млрд теңге алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!