СҚО-да кәсіпкердің 170 миллион теңгесін тонап кетті
Солтүстік Қазақстан облысында бизнесменді тонап кеткен қарақшылар іздестіріліп жатыр. Олар кәсіпкердің 170 миллион теңгесін қолды қылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.11.2019
Оқиға Ақжар ауданына қарасты Талшық ауылында болды. Бетін тұмшалаған төрт қылмыскер кешқұрым астықпен айналысатын компания ғимаратына кіріп келеді. Қолында аңшы мылтығына ұқсас қару болыпты. Бірден кәсіпкерді кеңірдегінен алып, бар ақшасын беруді талап еткен. Сол жерде ол 170 миллион теңгені санап беріп, қорыққаннан қос ұялы телефонды да қолына ұстатыпты. Қазір қарақшыларды сол аймақтан іздестіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары