{metadescription}
Қаланың қақ ортасындағы билбордтарда есірткі жарнамаланған
Қаланың қақ ортасындағы билбордтарда есірткі жарнамаланған

Қаланың қақ ортасындағы билбордтарда есірткі жарнамаланған

Есірткі жарнамасы жаңа деңгейге шықты. Елімізде наркотауарлар қалалардың қақ орталығында орнатылған билбордтарда жарнамаланған. Оларға есірткінің виртуалдық дүкеніне сілтеме жасайтын баннерлер ілініпті. Мұндай масқара Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Өскемен қалаларында кешеге дейін ілініп тұрған.

Тек шу шыққан соң ол жалма-жан алып тасталды. Сөйтсе, қулығына құрық бойламайтын ресейлік тапсырыс берушілер жарнама компаниясын да, шенеуніктерді де алдап соғыпты.

Алматы орталығындағы мына көшелерде кешеге дейін есірткі жарнамаланған баннерлер ілініп тұрды. Яғни онда әлдебір QR код көрсетілген. Ол наркотауарлардың виртуалдық дүкеніне сілтеме жасайды. Бұл аздай, жарнама авторлары жастарды тарту үшін қымбат телефон ойнатып, байқау ұйымдастырған. Оның талабы бойынша, осы баннердің қасында суретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктеу керек. Әрі достарыңды белгілеу шарт. Қоғам белсенділері мұның бәрі жастарды есірткіге елірту үшін мұқият ойластырылғанын айтады.

Марианна Гурина, қоғам белсендісі:

- Есірткі сатушылар әрекетін әбден ойластырған. Жастарды тартудың тиімді жолын жіті зерттеген. «Менің қасымда суретке түсіп, Iphone ұт». Әрине, бұл сөздер жастарды қызықтырады. Сөйтіп, олар есірткі сатылатын сайтқа кіреді. Арғы жағын ойлаудың өзі қорқынышты.

Жарнамада көрсетілген виртуалдық дүкендер болса, қызу жұмыс істеп тұр. Тіпті оған тіркелген адамға 1000 рубль сыйақы беріледі екен. Бұл қаржыны клиент сайттағы алғашқы саудасына жұмсайды. Яғни есірткі алуы керек. Ал виртуалдық дүкенде наркотауардың небір түрі бар. Дау тудырған жарнама баннерлеріне тапсырыс беруші ресейліктер екен. Олар өз баннерлерін Қазақстанның 5 қаласына ілдірген. Әрі тек орталық көшелерді таңдапты. Ең сорақысы, оларға отандық жарнама таратушы компания да, шенеуніктер де алданып қалған.

Төлеухан Ысмайылов, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары:

- Оны берген кезде ешқандай есірткі, ештеңе болған жоқ, билбордтың эскизінде. Ол кезде жаңағыдай ссылка болды. Там розыгрыш айфонов сондай. Содан кейін олар жаңағы ссылканы өзгерткен.

Тапсырысты онлайн түрде алған жарнама компаниясының өкілдері баннерді жіті тексергенін айтады. Онда көрсетілген QR код бастапқыда фитнес-клубтың сайтына сілтеме жасайтын болыпты. Бірақ ол көшелерге ілінген соң бәрі өзгеріп шыға келген.

Сергей Рычков, «НРР» ЖШС директоры:

- Біз QR кодты тексердік. Сайтқа кірдік. Ешқандай заңсыз нәрсе байқаған жоқпыз. Бәрі жақсы болды. Бірақ баннер ілінген соң, тапсырыс беруші сайттың мазмұнын өзгертіп жіберді. Ол аяқасты тыйым салынған заттар сатылатын виртуалдық дүкен болып шыға келді.

Ресейліктер осылайша қулығын жүзеге асырыпты. Бастапқыда фитнес-клубтың, артынша есірткінің жарнамасына айналған баннер кеше барлық өңірден алып тасталды. Қазір полиция тапсырыс берушілерді іздеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.