{metadescription}
Өңірлердегі алғашқы суықтың салдары қалай?  
Өңірлердегі алғашқы суықтың салдары қалай?  

Өңірлердегі алғашқы суықтың салдары қалай?  

Елдің шығысы мен орталығында саршұнақ аяз күшіне мінді. Ескертуді елемей алыс жолға шыққандар айдалада көмекке де зәру болып қалды. Мектеп оқушылары кезектен тыс демалыс алды. Үскірік аязда аяқ-қолын үсіткендер де жетерлік. Қаңғыбастар айдаса да бармайтын уақытша оңалту орталықтарының есігін сығалауға мәжбүр. Өңірлердегі алғашқы суықтың салдары қалай?  

Қарағандылықтар әдеттегідей қыстың қаһарын желтоқсанда күткен. Сондықтан арқаны кеңге салған кей тұрғын үсік жарақатымен ауруханаға жүгініпті. Кейбірін  жедел жәрдеммен жеткізуге тура келді. Виктор Ковалевский әбден үсіген аяғын ауырсынып әрең отыр. Екі аяқтан жан кетіп, оны кесуден басқа амалдың жоқтығын өзі де мойындайды.

Виктор Ковалевский, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Гаражда көлік жөндеп жүріп ұйықтап кетіппін. Бірақ бөтелке сыра ішіп едім. Содан ауруханада есімді бір-ақ жидым. Мұның алдында тура осылай бармағымды үсітіп, кесіп тастаған еді.

Павлодар облысында жолда жанар майы қатып тұралап қалған автобус жолаушыларына көмекке полицейлер келген. Бүрсеңдеген 45 адамды олар жақын маңдағы ауылдың мектебіне орналыстырыпты. Тағы бір автобус Қарағанды Омбы тас жолында қатып қалды. Салонда дірдектеген 12 жолаушыны құтқарушылар жол бойындағы дәмханаға әкеп жылытты.

Жанна Біләлова, Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Біздің өңірде екі күннен бері аяз. Осыны біле тұра, алыс жолға шығатын жүргізушілерге таңымыз бар. Оның үстіне жаздық дизель отынымен жүреді. Салдарынан автобус жүргізушілері өздерімен қоймай, жолаушылардың өмірін қатерге тігеді.

Күн күрт суытқанда Көкшетаудағы қаңғыбастар оңалту орталығына қарай ағылуда. Қазірде 50 орындық орталықта онсыз да 62 адам тұрып жатыр. Оның үстіне қала әкімдігі тұратын баспанасы жоқ  төрт отбасын осында орналастырған. Ауа температурасы -30 градусқа жеткенде, оңалту орталығын паналаушылар саны 90-нан асып кетіпті. Орталық мамандарының айтуынша, мұнда төсек тартып жатқан аурулар да бар. Көпшілігі үсіп қалмау үшін түнеп шығуға келеді екен.

Қайрат Нұрбаев: 

- Тұратын жерім жоқ, далада қалдым. Құжаттарымды жоғалтып алдым. Туыстарым бар. Бірақ шынымды айтқанда, арақ ішіп кеттім. Баратын бет жоқ. Далада аяз. Қатып қалмайын деп осы жерге келдім.

Ауа райының қолайсыздығы мектеп оқушыларын ғана қуантса керек. Орталық өңірдегі 4-сыныпқа дейінгі балалар сабаққа барған жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының аязы көтерілген кей аудандарында тіпті мектепке ешкім бармады. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, өңірдердегі суық әлі екі күн сақталады. Мамандар алыс жолға шықпай, жылы киініп, ішімдіктен бас тартуға кеңес береді. Өйткені қол-аяғын үсіткендердің 80 пайызы араққа сылқия тойып далада ұйықтап қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.