50 миллиард! Kaspi жұма рекордын екі есеге жаңартты
Көптеген елдерде онлайн сатып алудың үлкен мерекелері бар. АҚШ-та мұндай мереке – Amazon-да, Қытайда – Aliexpress-те. Ал Қазақстанда Kaspi.kz-тің Kaspi жұмасы тиімді сатып алудың айтулы мерекесіне айналды. Қазақстандық сауда саласындағы басты оқиғасынан репортаж.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
21.11.2019
Өткен жексенбіде бүкілхалықтық үш күндік Kaspi жұма тиімді сатып алу мерекесі аяқталды. Қазақстандықтар 24 айға киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, әшекей бұйымдары, автокөлік дөңгелектері, қысқы спортқа арналған заттар мен жүздеген басқа да тауарлар мен қызметті Kaspi.kz қосымшасы мен бүкіл ел аумағындағы дүкендерде сатып алды. Kaspi жұманың экономикаға әсері туралы Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзеден сұрадық.
Михаил Ломтадзе, kaspi.kz басшысы:
- Kaspi жұма – тек бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі ғана емес, біздің серіктестерімізге де үлкен сатылым мерекесі. Бүкіл ел аумағындағы, Қазақстанның барлық қаласындағы 2000-нан астам дүкен Kaspi жұмаға қатысты. Олар сауда мен қызмет көрсетудің түрлі саласының өкілдері. Электроникадан бастап, туристік агенттіктерге дейін. Компаниялар да әртүрлі – шағын, орта, ірі бизнес. Kaspi жұма бұл жолы барлық рекордты жаңартты. Сатылым көлемі біздің бағалауымызша 50 млрд теңгеден жоғары болды. Бұл өткен жұмадан екі есеге көп. Біздің серіктестерімізге бұл қосымша табыс, бизнеске – инвестиция. Түпкі нәтижесі – ел экономикасын қолдау.
Kaspi жұмаға қатысушылардың барлығы алдын ала дайындалды. Тауар түрін көбейтіп, қосымша тауар алып, қызметкер санын арттырған. Мерекенің нәтижесі күткендегіден де асып түсті. Қатысушылардың көпшілігі әрбір сатып алушының көңілін табу үшін түн ортасына дейін, тәулік бойы жұмыс істеген.
Жанар Қасымова, «Respect» аяқ киім дүкенінің басқарушысы:
- Қазір бізде адам көп. Таңертеңнен толастамай тұр. Барлығы Kaspi жұма туралы сұрайды. «Қалай сатып аламын?», «Қай жағынан серіктессіз?» дейді. Кассада кезек, барлығы осы күнге дайындалған. Жәй күндері «Kaspi жұмаға қатысасыздар ма?» деп сұрайтын. Демалыс күні сатылым көлемі үш есеге өсті. Бізге де, сатып алушыларға да тиімді. Сатып алушылар дәл қазір сапалы аяқ киімнен бірнешеуін сатып алуына болады, қалтасын да қақпайды. Бізге – бизнес, сатылым өседі.
Шынар Сәрсембаева, «Happy Travel» туристік агенттігінің бас директоры:
- Kaspi жұманың алғашқы сағаттарында-ақ көп өтінім қабылдадық. Бұл дәл қазіргі кездегі ең тиімді шарттар. Барлық елдерді, бағыттарды – Египет, Таиланд, Эмират, Хайнань… тіпті Доминикан мен Мальдив аралдары. Адамдар жаңа жылға да, жақын уақытқа да таңдады. Біз, Хэппи тревел командасы, бұл күндері тоқтаусыз жұмыс істедік. Kaspi.kz-ке осындай мереке үшін алғыс айтамыз. Келесі жолы қуана қатысамыз.
Гүлжанат Салдарова, «Қазпошта» АҚ «Корпоративтік сатылым дирекциясы» филиалының директоры:
- Қазпошта Kaspi жұмаға бірінші рет қатысып тұр. Бүкілхалықтық сатып алу мерекесіне қатысқанымызға қуаныштымыз. Осы күндері тапсырыс көлемі әдеттегі күнге қарағанда 20 есеге өсті. Жұманың үш күнінде бізге 25 мың тапсырыс берді. Қазір жеткізу жұмыстары қызуда. Бүкіл ел бойынша сағатына 280 тапсырыс орындаудамыз. Қазпошта еліміздегі ең шалғай өңірлерге тауар жеткізеді. Дүкендерде таңдау мүмкіндігі аз жерлерге апарамыз. Енді клиенттерімізде kaspi.kz-тегі Магазиннен қалағанын тауып, есігіне дейін қиналмай жеткізу мүмкіндігі бар.
Kaspi жұма сауда саласында ерекше құбылысқа айналды және зат сатып алуды ыңғайлы, қолжетімді етіп, Қазақстандағы бизнес пен экономиканың дамуына ауқымды үлес қосуда.
Сатып алу мерекесі жылына екі рет өтеді және әр жолы сауда мен қызмет көрсету саласындағы серіктестер саны көбеюде. Келесі Kaspi жұма алдағы жазға жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!