«Егемен Қазақстан» ғасырлық мерейтойын атап өтті
«Егемен Қазақстанға» - 100 жыл. Қарт басылым бас қалада мемлекеттік органдар, ардагер журналистер мен зиялы қауым өкілдерінің басын құрап, ғасырлық мерейтойын атап өтті. Онда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев газет қызметкерлеріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстап, жұмысына сәттілік тіледі.
Автор: Серік Селеубайұлы
21.11.2019
Ғасыр тарихын жадына сақтаған басылым беттерінен Қазан төңкерісінен кейінгі халықтың хал-ахуалы, КСРО-ның зұлмат саясаты мен соғыс қасіретін сезуге болады. Басқаша айтқанда, ел тарихының бейресми мұрағатына айналған. Әр жылдары газетте ұлт көсемдері, көрнекті қазақ қаламгерлері қызмет етіп, өз қолтаңбасын қалдырды. «Ұшқын» болып басталған басылым бүгінде іргелі ақпарат құралына айналған. Мерейтой қарсаңында «Егемен-Қазақстан» оқырмандарына тосын сый да әзірлепті.
Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы:
- Біз жүз жылдық архивімізді цифрлі жүйеге көшірдік. Барлығын сканерлеп, кішкене ғана хард дискіге сыйғыздық. Егеменнің әрбір парағы арқылы қазақ оқырманы біздің 100 жылда қандай жағдайдан өттік, қандай қасіретті бастан кештік, осы күнге қалай жеттік, соның бәрін архивтан тани алады деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!