{metadescription}
Мұрат Жұрынов: Мемлекеттің әрбір қадамын тарихшылар жазып отыруы керек
Мұрат Жұрынов: Мемлекеттің әрбір қадамын тарихшылар жазып отыруы керек

Мұрат Жұрынов: Мемлекеттің әрбір қадамын тарихшылар жазып отыруы керек

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы жайлы кітап жарық көрді. Бүгін Назарбаев орталығында «Қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қалыптасуы жайында жазылған. Басты ерекшелігі аталмыш оқиғаларға тікелей қатысы бар белді саясаткерлердің естеліктерінің жариялануында. Оқырмандар елімізге қиын кезеңдерді қайраткерлер көзімен көріп, солардың орнында болғандай күй кешеді дейді кітап авторы.

Толымды туындыға пікір білдіргендер қатарында елімізге белгілі тұлғалар бар. Ал кітап жастарды туған өлкенің тарихын білуге, оны насихаттауға, олардың арасында патриотизмді нығайтуға ықпал етеді деген ой бар.

Мұрат Жұрынов, Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Бұл кітаптың шығуы біздің мемлекетімізге өте маңызды. Өйткені мемлекеттің әрбір қадамын тарихшылар жазып отыруы керек. Тарих туралы жазылған кітаптар ешқашан артық болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде