{metadescription}
Елордада екі әйел 4 баласымен қырық жамаулы күркеде күнелтіп жүр  
Елордада екі әйел 4 баласымен қырық жамаулы күркеде күнелтіп жүр  

Елордада екі әйел 4 баласымен қырық жамаулы күркеде күнелтіп жүр  

Елордада екі әйел 4 баласымен ағаш лашықта күн кешіп жүр. Қырық жамаулы күркеде күнелткендеріне бес жылға жуықтапты. Бұл отбасының үйлері өртеніп кеткеннен кейін осылай берекелері қашқан. Тағдыр тауқыметін тартқан олар әсіресе қыс қаһарына мінгенде қиналады. Көмекке зәру отбасының жағдайымен тілшілеріміз танысып қайтты.

Жылуы жоқ ағаш лашық – Остапчуктер отбасысының бес жылдан бергі панасы. Қуықтай күркеде анасы мен қызы төрт кәмелетке толмаған баламен бірге тұрады. Екі бөлмелі лашық іші асхана әрі жатын орын. Төсек-орын, киім-кешек пен ыдыс-аяқтың бәрі бір жерде бықсып жатыр.

Ирина Остапчук:

- Осылай су мұз болып қатып қалады. Үйдің ішінде аяқкиім, қалың күртешелерімізді киіп жүреміз. Әйтпесе болмайды. Жазда білінбейді, қыста осылай вагон іші азынап кетеді. Диван үстінде 11 көрпе, соның өзінде тоңамыз. Төсек мұздай. Жылуы жоқ.

Көп балалы отбасы паналарын пешпен жылытып отыр. Бойларында үрей. 2014 жылы пештің себебінен үйлері отқа оранған екен. Ал от жақпаса тағы болмайды. Темір қабырғалары денені қарыса, есігі мен терезесінде мұз қатып тұр. Сүйектен өткен суықтан балалар науқас.

 Алла Остапчук:

- Міне, қараңыз. Үстел үсті толған дәрілер. Үйіміз екінші дәріханаға айналды. Балаларымыз ауыра береді. Жаз тезірек келсе екен деп армандаймыз. Уайым көп.

Шарасыз шаңыраққа тығырықтан шығудың жолын нұсқар деп, бүгін азаматтарды қабылдаған бас шаһардың басшысы Алтай Көлгіновке Иринамен барғанбыз. Бірақ, әкім емес, оның кеңесшісі біздің сауалымызға жауап берді. Айтуынша, Иринаның тұрғын үй кезегіне қоя алмайды екен.

Елнұр Бейсенбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі:

- Өйткені осыдан төрт жыл бұрын үйі болған. Келісімшартпен сол үйді сатқан. Соны сатқандықтан, келісімшарттың сатылған күнінен бес жыл уақыт өткеннен кейін ғана ол азаматты кезекке қоя аламыз. Бұл азаматқа біз бір жыл бұрын үйін, пәтерін жалдауға көмектестік. Балаларын киіммен қамтамасыз етуге көмектескен болатынбыз.

«Бұрын үйі болған» дегені бірнеше адаммен бірігіп алған баспана екен. Онысын сатып, содан өзіне 2 миллион теңге ғана үлесі тиген. Әкімдіктің соны бұлдап, Иринаға былтырғыдай үй жалдап бере алмайтынын ашық айтып отыр. Әзірге әкімдіктің берген бар жылуы 103 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек қана. Ал мемлекеттік тұрғын үй қоры арқылы өз баспанасын алуға Остапчуктерге үш жарым жылдай күту қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.