{metadescription}
Депутаттар: Қызға қол жүгірткендерді аямау керек
Депутаттар: Қызға қол жүгірткендерді аямау керек

Депутаттар: Қызға қол жүгірткендерді аямау керек

Қызға қол жүгіртсең де, қиын болады! Мәжіліс депутаттары қыз зорлаған азғындарды мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды доғару керек деп отыр. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстан әйелдері күштері» альянсының кезекті жиынында айтылды. Сондай-ақ, нәзік жандарға бөтен оймен көз салып, қол жүгірткендерді де аямау керек дейді халық қалаулылары.

Нұржан Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Бұл сексуалдық алымсақтық. Зорлау емес, кейбір кезде еркектер қыздарға тиісіп, бір жерін ұстап, әсіресе жұмыста, кеңседе, пойыздарда сондай жәйтті көріп жатырмыз. Қылмыстық кодексте оған ешқандай жаза көрсетілмеген.

Қазір Қазақстан ТМД елдері ішінде зорлық-зомбылықтан антирейтингте көш бастап тұр. «Мұның бәрі заңның солқылдақтығынан», - дейді жиналғандар. Сондықтан депутат Нұржан Әлтаев зорлық-зомбылық қылмыстарына қатысты жаңа заң жобасын дайындаған. Ол құжат нәзік жандардың әлсіздігін пайдаланып, білгенін істейтіндерге жазаны күшейтуді көздейді. Қазір заң Үкіметте қаралып жатыр.

«Қазақстан әйелдері күштері» Альянсының мүшелері елімізде әйел теңсіздігі жойылмай келе жатқанын айтады. Мәселен, қыз-келіншектердің жалақысы ерлердікімен салыстырғанда 30 пайызға төмен көрінеді. Әрі билікте қыз-келіншектер саны тым аз екен.

Гүлмира Қорғанбаева, «Қазақстан әйелдері күштері» альянсының мүшесі:

- Әйелдерде саяси құрылымда көтерілу мүмкіндігі болуы керек. Жоғары биліктегі ерлер мен нәзік жанның саны тең болғаны абзал. Қазір бизнестегі топ-менеджментте қыз-келіншектердің үлесі 30 пайызға да жетпейді. Мемлекеттік басқаруда әйелдер бұдан да аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.