{metadescription}
Трансплантология: Елімізде кезекте тұрғандар және ота жасай алатын хирургтар қанша? 
Трансплантология: Елімізде кезекте тұрғандар және ота жасай алатын хирургтар қанша? 

Трансплантология: Елімізде кезекте тұрғандар және ота жасай алатын хирургтар қанша? 

Елімізде жыл сайын донорлық ағза күтіп жүрген 100-ге жуық адам кезегі жетпей көз жұмады. Ал транспланталогиялық ота жасатуға кезек күтіп тұрғандар саны үш мыңнан асқан. Алайда оны жасай алатын хирургтардың саны Қазақстанда 50-ден сәл асады.

Сандуғаш Орынбаева, «Өмір сыйы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті:

- Бір үміт пайда болады кеудеңде. Тар қапастан құтылғандай күй кешесің. Хабарласып, осындай ауруханаға келуімді өтінгенде, барлық уайым сейілді. Өйткені бұрын болашағым бұлыңғыр болса, енді балаларымның есейгенін көруге мүмкіндік алдым.

Сандуғаш – ағза донороның арқасында өмірін әрі жалғаған жандардың бірі. 2016 жылы біреудің бүйрегін салдырған. Дертінен айыққан науқастардың донор мен дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Бірақ осындай күнді арманы болған жандар қаншама.

Мысалы, бүйрегін ауыстырғысы келіп, кезегін күтіп жүргендер саны 2706 болса, оның 69-ы – балалар. Ал донорлық бауыр салдырғысы келетіндердің қатары 300-дей, жүрекке мұқтаждар 120. Қиын болып тұрғаны, осы науқастарға республика бойынша 52 трансплантолог қана қызмет көрсетіп жатыр. Осыны айтқан Денсаулық сақтау министрлігіндегілер онсыз да аз трансплантологтарды қамауға ала бермесе екен дейді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін бұл саладағы екі маманды құзырлы орындар ұстаған болатын.  

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Бұл дәрігерлер өз саласының маманы. Біреуі бүйрек ауыстыру бойынша, біреуі жүрек деген сияқты. Сондықтан біз бұл мамандарды түрмеге қамауға қарсымыз. Бас бостандығын шектейтін басқа да жаза түрлері бар ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.