Шымкентте құрылыс үйіндісінің астында қалған 23 жастағы өзбектің хәлі мүшкіл
Шымкентте құрылыс үйіндісінің астында қалып қойған өзбек жұмысшыларының алды тәуір болды. Жеңіл жарақат алған үшеуі құрылысқа қайта жіберілсе, зардап шеккендердің ең үлкені мен ең жасы кішісі 50 және 23 жастағы екеуі ауруханада жатыр. Әсіресе жансақтау бөліміндегі 23 жастағы жігіттің хәлі мүшкіл.
Автор: Бек Әбиев
22.11.2019
Ибрагим Ташев, Шымкент қалалық №3 клиникалық ауруханасының бас дәрігері:
- Ол енді күрделі іш және көкірек жарақатын алған. Көкірек жарақаты, сонымен қатар қабырғаның сынуымен, ол сынған қабырға бауырды жарақаттап, сондай ішқұрылысы жарақаты бар. Оң жақ бүйрегі зақымданған. Ол кісіге ота жасалды, жағдайы ауыр.
50 жастағы құрылысшы екі-үш күнде жолға жараса, бірден шекараға дейін реанимобильмен жеткізіледі. Әрі қарай Өзбекстан дәрігерлері алып кетпек.
Кеше күндіз Шымкентте салынып жатқан мың жарым шаршы метрлік тойхананың төбесі ортасына түсіп, қабырғасы қираған. Бұл кезде Өзбекстаннан келген алты құрылысшы жұмыс істеп жүрген. Соның бесеуі үйінді астында қалып ауруханаға жеткізілген еді. Құрылыстағы төтенше жағдай бойынша қазір 1 баппен іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!