{metadescription}
Орал: Өрімдей қыздың өлімінен соң қала әкіміне сөгіс жарияланды
Орал: Өрімдей қыздың өлімінен соң қала әкіміне сөгіс жарияланды

Орал: Өрімдей қыздың өлімінен соң қала әкіміне сөгіс жарияланды

Оралда көлік қаққан 10 жастағы қыздың өлімінен соң қала әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жарияланды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтың айтуынша, өрімдей қыздың өмірін опат еткен жол апатынан кейін шаһар жетекшісі қандай да бір нәтиже шығаруы тиіс.

Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Облыс орталығы Орал қаласында жолда қаза табатындар саны 41 пайызға өскен. Сондықтан қала әкіміне сөгіс жарияладым. Оған жол және жарықтандыру жұмыстарына жауапты бірқатар бөлім басшыларына шара қолдануды тапсырдым. 

Екі күн бұрын Орал қаласында қатты жүйткіген жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолағында 10 жастағы Айару Ермекті қағып өтіп, жеткіншек сол жерде жан тапсырған. Оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші арада бес сағат өткен соң ұсталды. Ал қайғылы оқиғаның ізін ала қала тұрғындары апатқа жергілікті биліктің де «кінәсі бар» деп шағымданған. Өйткені қаладағы көп көшеде жарық шамдары жоқ. Айару жан тапсырған жер де көзге түрткісіз тас қараңғы. Қайғылы жағдайдан соң қала әкіміне шүйліккен аймақ басшысы әсіресе мектеп тұсындағы жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыруға ерекше мән беру қажеттігін айтты. Ал бүгін қараңғы жол мен кесір жүргізушінің кінәсінен қаза тапқан Айару жер қойнына тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде