Швейцария соты Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты
Швейцария соты атышулы жемқор Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Отанында қыруар қаржы жымқырды деп айыпталған Алматының экс-әкімін бұл елдің құзырлы орындары «тергеу қажет емес» деп тауыпты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.11.2019
Бұл туралы жергілікті басылымдар жазып жатыр. Онда Женева прокурорының жеті жылға созылған тергеуден соң, Храпунов ісін ақыры тоқтатқаны хабарланған. Экс-әкім шетелдік газетке жаңалықты ұзақ күткенін, аса қуанышты екенін жеткізіпті. Швейцария сотының шешімі енді қазақстандық сот орындарына алаяқтық жолмен ұрлаған ақшаны Храпуновтан қайтару әрекетіне айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.
Алматыны басқарған жылдары жерді гектарлап сатып, мүлікті талан-таражға салған Виктор Храпунов 11 жылдан бері Швейцарияда шалқып өмір сүріп жатыр. Қазақстан соты оны былтыр сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды. Қашқынның әйелі Ләйлә Храпунова да 14 жылға сотталған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!