Моншаны жезөкшелер ордасына айналдырған кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалды
Терлеп үлгермей қалды! Семейде тәртіп сақшылары моншада клиент күтіп жатқан жезөкшелердің үстінен түсті. Түнделетіп шомылуға келген азаматтар полицейлерді көрген бетте табалдырықтан тайып тұрды. Ал клиент күткендер еш сасатын емес. Белгілі болғандай, моншаларда тәнін саудаға салғандар пәтер жалдап әуре болмай-ақ, жұмыс орнында тұрып жатқан екен.
25.11.2019
Тәртіп сақшылары қаладағы 10 шақты моншаны тексерген. Нәтижесінде барлығында да түнгі көбелектер бар болып шықты. Түнделетіп тәнін саудалағандар шомылу орындарында «жұмыс істеп» қана қоймай, бір-бір бөлмеден жалдап тұрған. 20-25 жастағы монша тұрғындарына айыппұл салынып, арнайы есепке алынды. Ал моншаны жезөкшелер ордасына айналдырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Елубек Оспанов, Семей қалалық полиция басқармасының бөлім басшысы:
- Бұл жұмыс ұдайы жүргізіліп отырады. Яғни, жеңіл жүрісті адамдарды және ішінде кәмелетке толмаған балалардың болмауын анықтау. Егер бұл адамдар алдағы уақытта да қолға түссе, жаза біршама күрделендірілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!