{metadescription}
Алматы облысында борышкерлерді жолдан аңдып ұстай бастады
Алматы облысында борышкерлерді жолдан аңдып ұстай бастады

Алматы облысында борышкерлерді жолдан аңдып ұстай бастады

Алматы облысында борышкерлерді жолдан аңдып ұстау шарасы басталды. Салықшылар мен сот орындаушылары бірігіп жүріп жолдағы көліктерді жаппай тоқтатуға мәжбүр. «Алимент, әкімшілік айыппұл мен салықтан берешегі бар азаматтардан ақшаны басқаша өндіру мүмкін емес», - дейді олар. Сонымен, мемлекетке қанша миллион қайтарылды?

Алматы облысының салықшылары, әділет департаментінің өкілдері мен сот орындаушылары таңмен таласа тас жолдың бойына шықты. Мақсаты – борышкерлерді табу. Полиция арлы-берлі зуылдаған көліктерді тоқтатып, қазына кірісін бақылаушылар жүргізушілерді арнайы реестрден тексеруге кірісті.

- Алматы облысының сот орындаушылары. Құжаттырыңызды көрсетіңіздер.

Қақпанға түскендей болған азаматтар мұндайды күтпесе керек, әбден қипақтады. Бірақ тығырыққа тірелгендерін түсініп, берешектерін бірден жол үстінде төлеуге мәжбүр. Борышкерлердің бірі уақыттың, енді бірі жұмыстың жоқтығын сылтауратты.  

- Алдында білмедік. Міне, төлеп жатырмыз.

- Адам еріккеннен төлемей жатқан жоқ қой, жұмыс жоқ.

Екі күнге созылған шарада жауапсыз жандардан 10 миллион теңгеге жуық қаражат өндіріліп алынды. Олардың көбі алимент, әкімшілік айыппұл және салықты уақтылы төлемей, немқұрайлы қараған.

Марат Тойшыбеков, Жамбыл аудандық кірістер басқармасының бас маманы:

- Негізгі мәселе – көлік салығы. Бұрын сенімхатпен сатылушы еді. Сол көліктер жоқ болып кеткен. Көлік иесінің атында қалып қалады. Ол иесі қарызы барын білмей жүреді. Сондай жағдайлар көп кездесуде.   

Сот орындаушылар ұзақ жы бойы ескертуді елемей қарыздан жалтарып жүргендерді «аямаймыз» дейді. Сондықтан борышкерлерді жыл соңына дейін берешегін төлеп, ісі сотқа жетпей қамдануға шақырады.

Аян Қасымберкебаев, Алматы облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы:

- Алматы облысында 2019 жылдың тоғыз айына дейін төрт миллиардқа жуық мемлекет пайдасына қарыз жиналып қалды. Тоғыз айдың ішінде 1,5 млрд теңгені орындады. Енді 2,5 млрд теңге қалды. Кей борышкерлерге ескертіп жатырмыз. Ал үштөрт жыл төлемегендердің көлігін айып тұраққа қойып жатырмыз. 

Тек Алматы облысының өзінде мемлекетке қарызы бар азаматтардың саны 100 мыңнан асып жығылады. Құзырлы орган өкілдері осындай ауқымды шаралар жиі өткізілсе, борышкерлердің саны жыл соңына дейін азаяды дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.