{metadescription}
Гонконгтағы сайлауда жергілікті билік оппозициядан ойсырай жеңілді
Гонконгтағы сайлауда жергілікті билік оппозициядан ойсырай жеңілді

Гонконгтағы сайлауда жергілікті билік оппозициядан ойсырай жеңілді

Үлкен дауға ұласқан Гонконгтағы сайлауда жергілікті билік өкілдері оппозициядан ойсырай жеңілді. Қытайға қарасты арнайы автономиялық қаланы енді демократтар билейтін болды.  

Олардың айқын жеңісіне бүкіл Гонконг тұрғындары қуанып отыр. Оппозиция өкілдері бұрын-соңды дәл мұндай жеңіске қол жеткізіп көрмеген екен. Яғни, осыған дейін әкімшілік ауданның 75 пайызын Бейжіңге бүйрегі бұратын саясаткерлер басқарып келген. Ал бүгін дауысқа түскен 452 орынның 300-ін демократтардың жеңгені белгілі болды.

Халықтың басым дауысына ие болған оппозиция өкілдері мұны «саяси өзгерістердің бастамасы» деп отыр. Дегенмен Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И сайлау қорытындысына қарамастан, Гонконг Қытайдікі болып қала беретінін қатаң ескертті.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде