{metadescription}
Гонконгта тергеуде отырған Әбілқайыр Нүкпидің жай-күйі қалай?
Гонконгта тергеуде отырған Әбілқайыр Нүкпидің жай-күйі қалай?

Гонконгта тергеуде отырған Әбілқайыр Нүкпидің жай-күйі қалай?

Гонконгта полиция қолына түскен студент Әбілқайыр Нүкпидің артынан ата-анасы барды. Олар адвокат жалдап, баласын арашалап алуға дайын отыр. Тек тергеу қорытындысын күту керек.

Гонконг баптистік университетінде оқып жүрген Әбілқайыр сондағы наразылық шерулерінің кезінде ұсталған. Қолына ел арасында «Молотов коктейлі» деп аталатын жарылғыш шөлмек ұстап алған делінген. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі сонда оқып жатқан студенттерді дереу елге қайтуға үндеді. Себебі, қаңтарға дейін барлық оқу орындарында сабақ тоқтатылған.

Нәтижесінде 209 студент елге оралса, тағы 17-сі жолға енді шықпақ. 32-сі қайтқысы келмейді екен. Гонконгта төтенше жағдай жарияланбағандықтан, министрлік шәкірттерді елге қайтуға міндеттей алмайды. Ал ұсталған Әбілқайыр Нүкпиге қатысты әке-шешесі қазір тергеу мәліметін күтіп отыр.

Айбек Смадияр, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Біздің дипломаттар онымен бірнеше рет кездесті. Тергеу изоляторында ұстау жағдайына ешқандай шағымы жоқ. Денсаулығы жақсы. Оған қажетті заттардың бәрі апарылды. Адвокат табылды. Енді тергеудің нәтижесін күтеміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.