{metadescription}
Шамалған бекетінде апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрайды  
Шамалған бекетінде апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрайды  

Шамалған бекетінде апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрайды  

Күйеуімнің кінәсі жоқ! Шамалған бекетінде жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрады. Лейла Жарылғасованың сөзінше, сот марқұм күйеуін шойын жол бойындағы қайғылы оқиғаға тікелей кінәлі деп тауып, істі жаппақ.

Лейла Жарылғасова, марқұм Н. Сорокубаның әйелі:

- Біз өттік, жасыл жанып тұрды. Диспетчер ешқандай шара қолданбады. «Қазақстан темір жолы» осы қойған адамына, қойған адамның жауапкершілігін өз мойына алсын. Мүгедек адамды қойған. Неліктен олар мүгедек адамды мұндай жауапты жұмысқа қойғанын түсіндірсін.

Лейла Жарылғасованың сөзінше, қазір темір жол компаниясының өкілі бүкіл айыпты автобус жүргізушісі Нұрғали Сорокубаға аударып, өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетпек. Оған қоса ұлттық компания диспетчердің 3-ші топтағы мүгедек екенін жасырып отыр екен. Куәлік етуге келгенде, екі сөздің басын құрай алмағанын көрдім дейді ол. Төрт баламен жесір қалған келіншектің уайымы көбейген. Үлкені биыл мектеп бітірсе, кенжесі 4 жаста. Бірер күн бұрын тергеуші марқұм күйеуіне қатысты істің жабылатынын айтқалы ұйқысынан айырылған. «Қаншама адамның өмірін сақтап қалған кісіні айыптау – күлкілі» деп есептейді жары.

Жығылғанға жұдырық. Қазір Лейла төркінін жағалап жүр. Шамалған бекетіндегі жол апатынан соң күйеуінің туыстары оның өліміне әйелін кінәлап, келіншектен теріс айналыпты.

15 қыркүйекте Шамалған бекетінде қоғамдық көлікті пойыз соғып, 20 метрге дейін сүйреп әкеткен болатын. Үш адам жараланып, автобус жүргізушісі сол жерде жантәсілім етті. Ал тергеу ісіне қатысты көліктегі полиция департаментінің берген жауабы мынандай.

Ләззат Қасымжанова, ҚР IIM Көлiктегi полиция департаментiнiң баспасөз хатшысы:

- 15 қыркүйекте аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 2 тармағы және 344-бабының 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тезргеу амалдары басталған. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.