Елімізде қанша жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылды?
Қазақстанда бес бірдей жоғары оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Аталмыш оқу орындарының материалдық базасы көңіл көншітпейді, білікті мұғалімдердің саны талапқа сай емес. Еліміздің бас ұстазы университеттерге жасаған осындай тексеріс қорытындысын жария етті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
25.11.2019
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Көп заңбұзушылықтар бар. Біліктілік талабына сәйкес келетін мұғалімдер саны аз, жоғары оқу орнының материалдық базасы да ескірген, сабақ беруде заңбұзушылық бар. Сапалы білім алу үшін бұл мәселелерді тиімді жолмен шешуді заңды тұрғыда қолға алмақпыз.
Бұл бес жоғары оқу орнына бұған дейін де министрлік тарапынан ескерту жасалған. Алайда университеттер міз бақпапты. Сол себепті шетінен жазаға тартылып жатыр.
Министрліктің ескертуіне құлақ аспаған 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, бір университеттің ісі енді сотта қаралмақ. Жыл соңына дейін аталған ведомство тағы 12 университетті тексермекші. Егер олқылықтары болса, бірден лицензиялары тоқтатылады.
Жалпы, мұғалімдерді даярлайтын, бірақ сапасы сын көтермейтін оқу орындарының саны алдағы уақытта 85-тен 20-25-ке дейін қысқартылуға жоспарланып отыр. Білім және ғылым министрлігі жұмысына салғырт қарайтын оқу орындарының лицензиясын қайтаруға заңға да өзгеріс енгізбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!