Жаңа жылдан бастап бензин қымбаттайды
Жаңа жылдан бастап бензин бағасы өсетін болды. «Бірақ бұл нарыққа қымбатшылық әкелмейді» деп, бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенаторларды осылай сендіруге тырысты. Есесіне, оның үлкен пайдасы бар екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.11.2019
Министрдің айтуынша, Қазақстан Ресей нарығын арзан бензинмен тойдырып отыр. Ал өзі Еуропаға қымбат бағамен экспорттайды. Сайып келгенде, көршіміз көзді бақырайтып қойып, біздің арзан бензин арқылы «пайданы күреп тауып отыр» дейді министр Дәленов. Ал оны реттеудің жолы – акциз бағасын көтеру. Бүгінде бұл мәселе бойынша министрлікте қаулы жобасы жасалып жатыр. Онда бензиннің литріне 10 теңге қосу көзделген.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Есептеп қарадық. Бұл инфляцияға немесе шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының өнімдерінің өзіндік құнына қатты әсер етпейді. Бүгінде акциздің едәуір үлесін мұнай өндіретін, өңдейтін және нарыққа шығаратын компаниялардың кірісі мен шығыны алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!