Мемқызметкерлерге смартфон қайтарылды, бірақ...
Мемлекеттік қызметкерлерге кезінде дау-дамаймен тартып алынған смартфондары қайтарылатын болды. Үкімет оны арнайы қаулымен бекітті. Бірақ ол үшін жаңадан нұсқаулық үлгісін қолдану керек.
Автор: Ербол Тұрымбет
26.11.2019
Мемлекеттік қызмектерлерге смартфон қолдануды шектеу 2016 жылдың наурыз айында енгізілген. Арада төрт жыл өткенде Үкімет оларға тыйып тастаған смартфондарын қайтарып беруге кірісті. Алайда ол үшін мемлекеттік қызметкерлер отыратын ғимараттың қожайындары полициямен бірге смартфонды қолдану нұсқаулығына қол қоюы керек. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне келгенде, ондай талап сол күйі сақталатынын ескертті.
Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Біз осы нұсқаулықтарға қол қоюға мұрша бермейтін барлық кедергілерді жойдық. Үкімет қаулысы шықты. Ендігі мәселе сол ғимарат иелерінің өздерінде. Қай уақытта қол қойып бітетіні белгісіз, себебі, әр мекеменің өзіне тән түйткілдері бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!