Жаңаөзендіктер шеруге неге жиі шығады, неден қажыды?
Жаңаөзендіктерді жұмыссыздық пен «Қытайдан төнген қауіп» шаршатқан. «Халықтың көшеде шерулетуінің жиілеуі де сондықтан», - дейді бүгін елордаға есе беруге келген Маңғыстау облысының әкімі.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
26.11.2019
Серікбай Тұрымовтың сөзінше, бүгінде 77 мың жаңаөзендік жұмысқа жарамды. Алайда оның барлығын жұмыспен қамту мүмкін емес. Әсіресе бұқара талап еткен мұнай-газ саласында. Мысалы, бүгінде аймақтағы ірі компаниялардың бірінде 15 мыңдай Жаңаөзен тұрғыны жұмыс істеп жүр. Мәселені шешудің бір жолы, мұнай компанияларының санын көбейту керек дейді Трұмов. Жалпыжыл басталғалы 450 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал оқтын-оқтын шеруге шыққан халықтың талабы – жұмыссыздықты жою, жалақыны көтеру және шетелдік жұмысшылардың құқымен теңестіру.
Серікбай Трұмов, Маңғыстау облысының әкімі:
- Көшеге шығуға байланысты, ең бірінші, жұмысқа байланысты. Екіншісі, Қытай мәселесіне байланысты. Бұл жерде де азаматтарға түсіндіріліп айтылды. Жаңаөзен қаласында жалпы экономиканы әртараптандыруға байланысты жұмыстарды атқаруымыз керек. «Өзенмұнайгазға» тікелей жұмыс жасайтын компаниялар санын арттыруымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!