{metadescription}
Бір лимон – бір келі! Қызылжардың аязында тропикалық жемістер мол өнім беруде
Бір лимон – бір келі! Қызылжардың аязында тропикалық жемістер мол өнім беруде

Бір лимон – бір келі! Қызылжардың аязында тропикалық жемістер мол өнім беруде

Қызылжарда қақаған аязда тропикалық жемістен өнім алып жатыр. Ботаникалық бақта банан мен лимон биыл мол салған. Кезінде Кубаның ауыл шаруашылығы министрі сыйлаған екі түп ағаштан шыққан лимонның біреуінің салмағаның өзі бір келіден асады. Әйнек қоршау ішіндегі қысқы бақтың құпияларын КТК тілшісі айтып берсін.

Қызылжардағы ботканикалық бақтың құрылғанына бір ғасырдан асты. Сол уақыттан бері тропикалық жемістер биылғыдай мол өнім беріп көрмеген. Ғылыми қызметкерлер де таң қалып отыр. Мұнда өсетін жеміс ағаштарының өнімін еліміздегі ешбір базардан таппайсың.

Равиль Рязапов, академик:

- Биыл банан көп шықты. Бұл банан «Патшаның бананы» деген сортқа жатады. Өте тәтті. Біздің елде мүлдем сатылымда жоқ.

Лимонның қос түп ағашы солтүстікке осыдан елу жыл бұрын жеткізілген. Ол кездегі жас пионер Равиль Рязаповқа оны Кубаның ауыл шаурашылығы министрі сыйлапты. Алғашқыда Қызылжарды жерсінбеген ағаш араға жарты ғасыр салып жеміс берді. Бір түйір салмағының өзі бір келіден асады.

Қазір ботканикалық бақ толық қайта жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстарына 150 миллион теңге бөлінген. Осы ақшаға жаңа желдеткіш орнатылып, елімізде сирек кездесетін жеміс ағаштарының жерсінуіне септігі тиетінін дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.