{metadescription}
Boeing! АҚШ басқармасы 737 MAX ұшағына сертификат беруге тыйым салды
Boeing! АҚШ басқармасы 737 MAX ұшағына сертификат беруге тыйым салды

Boeing! АҚШ басқармасы 737 MAX ұшағына сертификат беруге тыйым салды

АҚШ-тың федералдық авиациялық басқармасы «Boeing» компаниясына 737 MAX ұшағына сертификат беруге тыйым салды. Бұдан былай аталмыш құжатты тек осы басқарма ғана ұсына алады. Себебі, әйгілі компания тарапы талаптарға толық жауап беруге дайын емес.

Федералдық авиациялық басқарманың мәліметінше, әуе кемесін құрастыратын корпорация сапаны бақылауды жүйелі түрде қолға алғанда ғана жағдайды қайта қарауға негіз бар. Оның үстіне тілге тиек етілген ұшақты құрастыру барысындағы өзгерістер әлі зерттеліп бітпеген.

Эфиопия және Индонезияда Boeing 737 MAX ұшағы апатқа ұшыраған соң, әлем бойынша оны қолдану тоқтатылған болатын. Бұл тізімде Қазақстан да бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде