Аза тұту: Француз армиясы Малиде ірі шығынға ұшырады
Француз жұрты аза тұтты. Африкадағы Франция қарулы күштерінің екі тікұшағы бір-бірімен соқтығысып, 13 сарбаз ажал құшқан болатын.
Автор: Әсем Қабылбек
27.11.2019
Қаза тапқандардың алтауы – офицер. Оқыс оқиға Малидің оңтүстік-шығысында лаңкестерге қарсы операция кезінде болған. Апаттың неден туындағаны әзірге белгісіз.
Бүгін Елисей алаңына жиналғандар қарасы көп. Барлығы марқұмдарды аза тұтып, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Франция Президенті Эмманюэль Макрон қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Марқұмдармен қоштасу рәсімі 2-ші желтоқсанда Париждегі Мүгедектер үйінде өтеді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл француз армиясының Малидегі ең ірі шығыны. Франция 2013 жылдан бері Африкадағы аталмыш елде лаңкестерге қарсы операция жүргізіп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!