Сот пластикалық хирург Алферовтің өтінішін қараусыз қалдырды
Артық майын алдырып, артынша көз жұмған әйелдің қазасына қатысты істі боп жатқан хирург үйіне жіберілмейтін болды. Екі жыл дегенде сотқа әрең тартылған Алферовтың адвокаттары процесс басталмай жатып, оны тергеу изоляторынан үй қамағына ауыстыруды сұраған.
Автор: Аруна Ортай
27.11.2019
Алайда адам өліміне себепкер дәрігерді судья темір тордан шығармауды ұйғарды.
Қыркүйекте ғана қамауға алынған Алферовтің түрмеге түсе сала, денсаулығы сыр беріпті. Осыны алға тартқан адвокаты сотқа үйінен қатынауын сұраған. Айтуынша, тергеу изоляторының бөлмесі салқын, төсегі де жайсыз. Алайда сот Алферовтің өтінішін қараусыз қалдырды. Яғни, атышулы хирург үкімді абақтыда отырып күтетін болды. Ал бұған дейін адвокаттары дәйектердің жеткіліксіздігін айтып, істі қайта тергеуге жіберуді талап еткен. Судья онысын да кері қайтарып тастады.
Қайғылы оқиға 2017-ші жылы болған. Алматылық келіншек артық майын алғызуға жекеменшік клиникаға барған. Содан тірі шықпады. Ал отаны Роман Алферов жасаған. Алайда хирург арада екі жыл өткенде ғана сотқа тартылып отыр. Пластикалық хирургпен бірге реаниматолог пен кезекші дәрігер сотталушы орындығында отыр. Олар отадан соң қан жоғалтып өлген әйелге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Бірақ Алферов секілді олар да кінәсін мойындамай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!