{metadescription}
Парламент сайлауы! «Ауыл» партиясының қандай өзгешелігі бар?
Парламент сайлауы! «Ауыл» партиясының қандай өзгешелігі бар?

Парламент сайлауы! «Ауыл» партиясының қандай өзгешелігі бар?

«Ауыл» партиясы парламент сайлауына қатысуға ниетті. Елордада 16-шы съезін өткізген халықтық, демократиялық-патриоттық партия алдағы жылдарға төрағасын сайлап қана қоймай, келе жатқан саяси науқанға қатысу ниетін де танытты.

Партия өкілдері сайлауда қолдаусыз қалмайтынына нық сенімді. Бүгінде халқымыздың 45 пайызы ауылда тұрады. Оның үстіне, соңғы төрт жылда партия мүшелерінің саны 44 мың адамға артқан. «Бұл көрсеткіштер саяси ұйымға алдағы саяси науқанға қатысуға нық сенім береді», - дейді партия басшылары.

Соңғы рет кезектен тыс парламент сайлауы елімізде 2016 жылдың 20-шы наурызында өтті. Ал депутаттардың өкілеттігі бес жыл екенін ескерсек, ендігі сайлау тәртіп бойынша 2021 жылы өтуі тиіс.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы:

- Алдағы саяси бәсекелер өте тартысты болатынын жасыра алмаймыз. Біздің басқа партиялардан қандай өзгешелегіміз бар? Әрине, электорат бізден теріс айналып кетердей жағымсыз имиджіміз жоқ. Қазақстан халқының 42% ауыл тұрғындары екенін ескерсек, электоралды әлеуетімізді аса жоғары деп бағалауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде