Қазақ - қырғыз! Тоқаев пен Жээнбеков бірқатар келісімге қол қойды
Сауда айналымына тың серпін әкелмек. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды. Қазақстан президентін әуежайдан әріптесі Сооронбай Жээнбеков қарсы алды. Ал сапар аясында бауырлас ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бірқатар келісімге қол қойылды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
27.11.2019
Бішкектегі «Ала-арча» резиденциясында кездескен президенттер қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттеріне ерекше тоқталды. Әсіресе «Қарасу» мен «Ақ тілек» бақылау-өткізу бекеттерінің арасында жаңа көпір салу жоспары бар. Екі ел үкіметінің ынтымақтастығын нығайтуға көші-қон жөнінде де келісім жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде қазақ-қырғыз шекарасында логистикалық орталық салуды ұсынып отыр. Өйткені, өткен жылы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 900 млн долларға жуықтаған. Енді сол көрсеткішті 1 млрд долларға жеткізу көзделген.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, яғни саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы байланысты арттыруға ортаға мәмілеге келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!