{metadescription}
Тиісті органдар Мәнізоровтың мәселесіне қатысты бір шешімге келе алмауда  
Тиісті органдар Мәнізоровтың мәселесіне қатысты бір шешімге келе алмауда  

Тиісті органдар Мәнізоровтың мәселесіне қатысты бір шешімге келе алмауда  

Не бел, не белбеу кетеді. Жемқорлыққа қарсы агенттік Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғау туралы өтінішін екі рет қайтарып тастаса да, олар ұстанымынан таяр емес.   

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- Біз Бас прокуратураға шағым түсірдік. Енді Бас прокуратура қалай шешеді, нәтижесін күтейік.

- Егер олар тағы да қайтарып жіберсе, не істейсіздер?

- Енді ары қарай шағымданамыз. Біздің құқығымыз бар. Дәлелдің бәрі бар. Өз ұстанымымыз бар. Сонда тұрмыз біз.

- Яғни, соңына дейін барасыздар ма?

- Иә, әрине.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтің ұсталғаны туралы қыркүйектің аяғында ақпар шыққан. Шенеунік ірі көлемдегі алаяқтық үшін айыпталғаны айтылды. 57 жастағы Мәнізоровтың мәселесіне қатысты қазір тиісті органдар бір шешімге келе алмай жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік оны айыптап, тергеуге алу жөнінде Бас прокуратураға екінші рет өтініш жазған. Бірақ прокуратура «қылмыс құрамы жоқ» деген себеппен екінші ретте де қайтарып тастады. Дегенмен агенттік алған бетінен қайтпақ емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде