Теміртауда құтқарылған аққу енді ұша алмайтын болды
Теміртау құтқарушылары жараланып, лас судан шыға алмай қалған аққуды Қарағанды хайуанаттар бағына өткізді. Орнитологтар қанаты сынған сыбырлақ аққудың енді топқа қосылып ұша алмайтынын айтады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
28.11.2019
Мамандар балапан аққу бір жастан сәл асқан деп топшылайды. Торды жатырқап, айналасына үрке қарайтын жабайы құс ешкімді маңайлатар емес. Оның үстіне сынған қанатына қол тигізбеуге де жанұшырады. Сондықтан әзірге оның жынысы да анықталмаған. Түзден әкелінген аң-құс хайуанаттар бағына кемінде үш ай ішінде үйренеді екен. Қанаты сынып, топтан ажыраған аққу жақында Теміртаудың іргесіндегі қалдық судың қоймасынан табылған. Аққу Ресейде Қызыл кітапқа енгізілген екен. «Көршілер қызығушылық танытып сұрап жатса, беруге дайынбыз», - дейді бақтағылар.
Ербол Байжанов, Қарағанды мелекеттік хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері:
- Негізінде біз басқа зообақтармен жұмыс істеп, ауысып жатамыз. Мысалы, басқа құстың түрін аламыз немесе олар бізге басқа құс беріп жатады. Егер қанаты қатты сынып қалған болса, бізде ондай мамандар жоқау деймін. Шетелдік мамандармен біздің ветеринарлық дәрігерлер келісіп, бір шешімге келетін шығар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!