{metadescription}
Жаңа заң қажет! Ауған соғысының ардагерлері мұңын шақты
Жаңа заң қажет! Ауған соғысының ардагерлері мұңын шақты

Жаңа заң қажет! Ауған соғысының ардагерлері мұңын шақты

Құқықтық мәртебеміз әлі жоқ! Алматыда ауған соғысының ардагерлері үкіметтен көмек сұрап мұңын шақты. Депутаттарға «айта-айта шаршадық» деген олар өздері туралы жаңа заң қабылдансын дейді.

Баспасөз мәслихатын өткіп базыналарын жеткізген ардагерлер аталмыш мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқ. Олардың айтуынша, Ауғанстандағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың саны 14 мың болып азайған. Оқ пен оттың ортасынан оралғандар мемлекет беретін 15 мың теңгеге күн көру қиын екенін жеткізді. Ауғандықтар мен Чернобыль апатын жоюға қатысқандар бізді «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» мәртебесімен теңестіріп, зейнетақымызды көбейтсін деген талап-тілегін айтты. Олар тиісті мемлекеттік жеңілдіктер алуға «лайықтымыз» деп отыр.

Әли Дауылбек, «Абырой» Ауғаныстандағы соғыс ардагерлері одағының төрағасы:

- Біз теңестірілгенбіз, ардагер емеспіз. Сол себепті, бізге зейнетақы көтермейді. Шенеуніктер «мәртебе береміз, заң қабылдаймыз» деп уәде еткен. Бірақ әлі қабылдаған жоқ.Үкімет ардагерлер туралы заң қабылдаса, бюджетке ауыр болмайды. Өйткені біз аз қалдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде