{metadescription}
Таразда жыр болған Жамбыл Жабаевтың ескерткіші өз орнын тапты
Таразда жыр болған Жамбыл Жабаевтың ескерткіші өз орнын тапты

Таразда жыр болған Жамбыл Жабаевтың ескерткіші өз орнын тапты

Таразда жыр болған Жамбыл Жабаевтың ескерткіші тұғырға қайта қонды. Өзінің бұрынғы орнына емес,  облыс әкімдігі ғимаратының алдына жайғасты.

Өткен жылы ақынның көне базар алдындағы мүсіні алынып, облыс әкімдігі маңында бұрынғыға ұқсас тағы біреуі пайда болған еді. Әу баста шенеуніктер мұны «түпнұсқа» деп бой бермеген. Бірақ әлеуметтік желідегі бір топ белсенді оның көшірме екенін айтып, дау көтерді. Олар ескі шойын ескерткішті кері қайтаруды талап еткен болатын. Бұны халықаралық Жамбыл қоры да қуаттады. Ал атқамінерлер «60 жыл тұрған мүсіннің тозығы жеткен, сондықтан оған реставрация жасауға алдық» деп ақталған. Ақыры кейін пайда болған ескерткіштің орнына қойылды. Ал сол осы уақытқа дейін тұрған мүсіннің тағдыры әлі шешілген жоқ.

Қуаныш Дәуренбеков, Жамбыл облыстық Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры:

- Ол бойынша әлі шешім қабылданатын болады. Ол да өзінің лайықты орнын табады. Көпшіліктің тыңдауы қабылданады, ұсыныстар түсуі керек. Ол талқылану керек. Нәтижесінде шешілетін болады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде