{metadescription}
Әлем қазақтарының жиынында қандай тақырып талқыланды?
Әлем қазақтарының жиынында қандай тақырып талқыланды?

Әлем қазақтарының жиынында қандай тақырып талқыланды?

Қазақстан экспорттық әлеуетін арттыруға шетелдік қазақтардың мүмкіндігін пайдаланбақ. Елордада бас қосқан әлем қазақтарының жиынында осындай жаңалық айтылды. Сондай-ақ, Қытай қазақтарының басындағы ауыртпалық та Еуропадан немесе Ресейден келген қазақтарды да бейжай қалдырмайды.

Әлемнің әр түкпірінен келген жандардың түр-келбеті мен сөйлеу мәнері де әр түрлі. Біреулер қазақ тілінің қаймағын бұзбай қолданса, екіншісіне туған тілінде сөйлем құрау арман. Біреуі Азияның байтақ даласынан келген. Екіншісі Еуропаның тар көшелерін мекен етеді. Бірақ бәрінің жүрегінде отанына деген махаббат лаулап тұр.

Мұрат Ерміш, Еуропа қазақ қоғамының президенті:

- Жиі жиналамыз. Айына бір рет жиналып, тойлап, салтдәстүрімізді ұстап, жастарға салт-дәстүрімізді үйретіп жатырмыз. Аптаның бір күні жастарға сабақ береміз, қазақ тілін үйретеміз. Қазір біраз қиыншылық бар – жастарға қазақ тілін үйреті қиын болып жатыр.

Күллі қазақты толғандырған мәселенің бірегейі Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай. 2017 жылдан бері онда терроризмге қатысты күрестің күшеюіне байланысты екі елде тұратын туыстар арасында байланыс үзіліп, шекара маңында шиеленістер туған еді.

Шахрат Нұрышев, ҚР Сыртқы Істер Министрінің бірінші орынбасары:

- Қытайлық тараптың мәліметі бойынша қандастардың Қазақстанға шығу шектеуі алынып тасталды. Тек Қытайдың заңдарын бұзғандарға ғана шектеу қойылатыны ескертілді. Нақтырақ айтатын болсақ, 2019 жылдың 1 қаңтар және 20 қараша аралығында еліміздің Қытайдағы дипломатиялық және консулдық мекемелеріне 38393 этникалық қазақ Қазақстан визасын алып, Қазақстандағы туыстарымен қауышты.

Қос азаматтығы үшін Қытайдан шыға алмай жүрген 35 азаматтың 30-ы босатылып елге қайтқан. Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің ресми мәліметі бойынша, соңғы  бір жарым жылдың ішінде 6 жарым мыңнан астам этникалық қазақты Қытай азаматтығынан шығарды. Елімізде де шетелден келген бауырларға қандас мәртебесін беру жеңілдетілмек. Мәселен, алғашқы өтінішті Қазақстанға келмей-ақ, сол елдегі елшілікте беруге болады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қандастардан керекті құжаттардың жалпы санын 46дан 20-ға дейін қысқартамыз. Құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қызметтер тек бір жерден – халыққа қызмет көрсету орталығынан бір терезе қағидаты бойынша қабылданады және беріледі. Қа қандастарымыз 5-6 ведомствоға барады, 46 құжаттарды тапсырады. Соның бәрін жеңілдетіп, бір жерге барады, бір жерден алады.

Осы айтылған өзгерістер 2020-шы жылдың үшінші тоқсанында күшіне енбек. Яғни, келер жылы Отанына оралдатын қандастар саны артады деуге негіз бар. Бірақ, бүгінгі шағын құрылтайды шақырудың себебі бір бұл емес.

Күллі қазақ баласы жұдырықтай жұмылмақ. Енді шетелдік қандастарымыз отандық кәсіпкерлерге көмектесетін болады. Осылайша елімізден шығатын өнімдерді әлемге тарату жоспарланып отыр. Этникалық қазақтардың басын қосқан бүгінгі шараның басты мақсаты осы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.