Депутаттар келесі жылы елордаға газ жеткізілетініне сенбейді
Депутаттар газдың келер жылы бас қалаға жететініне сенбейді. Энергетика министрлігі мен қала әкімдігінің сылбыр қимылы осындай ойға жетелейді екен. Мәжіліске есеп беруге келген Энергетика министрінің орынбасары Махамбет Досмұхамбетовке депутаттар дүрсе қоя берді.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.11.2019
Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:
- Біздің министрлік тек қана магистральді құбырға жауап береді. Магистральді құбырды 31 желтоқсанда саласыз. Тойдуманды жасайсыңдар. Бірбіріңді мақтап, жасадық, істедік деп. Ал енді елдің үйіне газ кірмесе, онда ол магистральдің барыжоғы оларға бәрібір. Махамбет Жолдасқалиұлы, солай емес пе?
- Солай.
Әңгіме болып отырғаны оңтүстіктен тартылған «Сарыарқа» газ құбыры. Магистральді газ құбыры мың шақырымнан астам жолды еңсеріп, елорданың іргесіне кешегі күзде жеткен еді. Енді газды қосайын десе, бас қала оны қабылдауға дайын емес. Қала басшылығы газ тарату желілерімен айналысатын мердігерлермен соттасып жүріп уақытты созып алған. Енді келер жылы қалайда қаланы табиғи газға қоса бастаймыз деп, желі жүргізіп жанталасып жатыр. Ал депутаттардан сын естіп шыққан Энергетика вице-министрі тілшілерге жаттанды сөзін қайталап берді.
Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
- Жалпы Үкіметтің жауапкершілігіне кіреді. Үкімет әр мемлекеттік органға бөлінеді. Министрлікке тапсырылған жұмысы Астанаға дейін 1061 шақырым магистральді құбырды жеткізу, ол жұмыс аяқталып жатыр. Сол кезде әкімдікке берілген тапсырма газ тарататын жүйелерді ұйымдастыру. Ол жұмыс уақытында біткен жоқ. Айтатыным осы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!