Ғабит Миразов Бас прокуратураның басшылық қызметіне тағайындалды
Мемлекет мүддесіне қайшы әрекетімен қызметтен қуылған Ғабит Миразов Бас прокуратураның басшылық қызметіне тағайындалды. Енді Алматының атышулы экс-прокуроры құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің әскери басқармасын басқарады.
Автор: Аруна Ортай
28.11.2019
Ғабит Миразов қызметтен былтыр қуылған. Бас прокуратура ол кезде де «тәртіп бұзғаны үшін» деп қана, мән-жайды түсіндіруден қашқақтап еді. Көп ұзамай прокурордың түрмеде отырған Талғат Ермегияевпен етене жақын болғаны белгілі болды. Атап айтқанда, «қазына қаржысын жымқырды» деп сотталған ЭКСПО-ның бұрынғы басшысына абақтыда арнайы кабинет ашып беріп, қалаған уақытында қалаған адамымен кездесуіне қолғабыс етті делінген. «Прокуратураның беделін түсірді» деп жұмыстан қуылған Миразов Бас прокуратураның өзінен бір-ақ шықты. Оның әріптестері прокурордың қайтадан басшылық қызметке тағайындалғанында еш әбестік көрмейді.
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Әрине, әрі қарай жұмыс істеуіне құқы бар. Ол қызметінен босатылды, бірақ өз еркімен арыз жазған. Сондықтан заңға сәйкес, оның қайтып келуіне ешқандай кедергі жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!