{metadescription}
Қарағандыда бүлдіршіндердің зәресін ұшырмайтын емхана ашылды
Қарағандыда бүлдіршіндердің зәресін ұшырмайтын емхана ашылды

Қарағандыда бүлдіршіндердің зәресін ұшырмайтын емхана ашылды

Қарағандыда бес жасқа дейінгі балаларды дәрігерлер ақ халатсыз қарай бастады. Қолында инесі жалаңдап, ақ жамылған адамнан жүрегі шайлыққан бүлдіршіндер  қарапайым киімдегі апайдың алақанында елжірейді. Бұл Қарағандыда ашылған су жаңа емханада енгізілген тәжірибе.

Қарағандыдағы №3 емхана тіркеудегі 85 мың адамды қарауға қауқары жетпей келген. Ұзын-сонар кезектің мәселесі ескі емханадағы ана мен бала орталығын жаңасына көшірумен түбегейлі шешілді дейді мамандар. Онымен қоса, мұнда екі шағын ауданның жас-кәрісімен қоса 25 мың тұрғын тіркеліпті.

Жеке мен мемлекеттің әріптестігі аясында жыл соңына дейін осындай тағы бір емхана ашу жоспарланған. Жаңа мекемеде ең басты жағдай бүлдіршіндерге жасалыпты. Оларды балабақшадағыдай безендірілген жарық бөлмеде тәрбиеші киіміндегі дәрігерлер күліп қарсы алады. Ойнатып жүріп, денсаулығын тексеретін оларды бала да жатырқамайды екен.

Аймереке Шамшаева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Біз ауруханаға түскенбіз, бала ақ халатты дәрігерлерден қорқып қалды. Мына емханаға бірінші рет келіп тұрмын. Меніңше, осындай киім киген дұрыс. Өйткені балалар ақ халаттан қорқып қалады ғой. Мынау үйдегі киім сияқты, көз үйренген.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде